Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қ. әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК Сіздерді алдағы уақытта ауа райының салқындауына байланысты су, кәріз жүйелерінде апатты жағдайларды алдын алу мақсатында жүйелерді қысқы маусымға дайындау бойынша жұмыстар мен қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етулеріңізді ескертеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 36. тармағына сәйкес, ТҰТЫНУШЫ пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы шегінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, өртке қарсы жүйелердің, жабдықтардың, арматураның және су өлшеу тораптарының қысқы кезеңге дайындығын қамтамасыз етеді және мынадай жұмыстарды:
судың анық және жасырын жайылуын жоюды;
құбырлар мен жабдықтардың авариялық учаскелерін жөндеуді немесе ауыстыруды;
жазғы кезеңде орнатылған барлық уақытша сумен жабдықтау желілерін ағытып тастауды;
есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін кедергісіз алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, су өлшеу торабын қатып қалудан қорғауды;
сумен жабдықтау және су бұру жүйелері орналасқан үй-жайлардың жеткілікті жылумен оқшаулануын қамтамасыз етуді;
шатыр асты үй-жайларда төселген сукернеуіш бактарды және құбырларды жылытуды;
қосарланған қақпақтардың орнатылуын қамтамасыз етуді немесе су өлшеуіш камералар мен өртке қарсы гидранттары бар құдықтардағы қақпақтарды жылытуды;
ғимараттардың ішкі сумен жабдықтау және су бұру желілерінде құбырлардың жапсарларының герметикалығын тексеруді, олардың босаңдығын жоюды, тексерулер мен тазартуларды жабуды, үй-жайлардың және қоршаған ауаның кері температуралы учаскелерінде пайдаланылатын құбырларды жылытуды жүзеге асыру міндетті екендігін хабарлаймыз.