Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Шымкент қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Су құбыры және канализация басқармасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Ресми сайт

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Шымкенттің су шаруашылығы қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды

16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі Күні қарсаңында, Шымкент қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК ғимаратында қаламыздық су шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін кәсіпорынның бір топ қызметкерлері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Атап айсақ, «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» ММ басшысының Алғыс хаттары ағымдағы жылда Айкөл тұрғын алабына су жүйесін жүргізуге ат салысып жұмыс жасаған ППО бөлімінің қызметкерлері Досов М.К., Сихымбаев М.И., Балтабаев А.О., Альдыбаев А.И., Ахметов У.Е., Батталов А.С., Шуақбай Е.Ә., Оралбаев К.Ж., Дүйсенов Н., әкімшілік қызметкерлері – Джаксимуратов Е.Т., Лесбекова А.Д., Алимкулова А.Б., Жайнақ Ш.Н., Рыстай А.А. берілді.
Сонымен қатар, желтоқсан айында өтетін Энергетиктер күніне орай, қаланың Қаратау, Еңбекші, Тұран аудандарының әкімдігі атынан кәсіпорынның электриктері – Абишев С.Б., Агибаев Н.Е., Кенжебаев К.А., Тайходжаев К.К. және халықпен жұмыс істеу бойынша абонет бөлімінің қызметкерлері – Ақарыс А.Б., Эргешов С.И., Байбол М.С., Якубжанов Н.Р., Хайтметова М.Х марапат қағаздарымен марапатталды. Осы орайда, ерекшеленген қызметкерлерімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, алдағы таңда қызмет жолында қажыр-қайраттары арқылы абырой биігінен көрініп, жұмыстарынның қызығын көруге тілек білдіреміз!